Listen

Description

OY-DETOX қонағы Еренғайып Қуатайұлы жүгіруге 40 жасында келсе де, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, толық марафонды 3 сағатқа толтырмай жүгіретін әуесқой спортшылардың бірі. Ол биыл Бостон марафонына қатысқан 9 қазақстандықтардың қатарында болды.   

Эпизодта Еренғайыппен жүгірудің пайдасы, әуесқой спорт шығындары, нәтижеге талпынудың құны, сау эгоизм мен тауқұмарлық туралы сөйлестік.   

Эпизод Екатерина Шатнаяның Shatnaya Team жүгіру мектебінің қолдауымен дайындалды. "Мен не үшін жүгіргім келеді" деген тақырып аясында пікір қалдырып, Shatnaya Team жүгіру мектебінде 1 ай тегін (абонемент құны - 25 000 теңге) дайындалу мүмкіндігін ұтып ал. Байқау Алматы қаласының тұрғындарына арналған және шілденің соңына дейін жалғасады. 

OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 

OY-DETOX ұжымы 

Автор - Әйнел Әмірхан   

Монтаж - Илья Мартынов 

SMM - Ақнұр Тоғайбекова 

Дизайнер - Дарья Корнеева

Эпизод Podcast studio 47 жазылды  

OY-DETOX - ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтауға көмектесетін подкаст. 2019 жылдан бастап шығады.